Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған азаматқа танысы палауға жасырып ұялы телефон әкелген. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қамауда отырған азаматтың танысы “Samsung” маркалы телефон, «Beeline», «Activ» байланыс картасы мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырып өткізбек болған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

Тағы да оқыңыз: