Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, қалалық жергілікті полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп, су жағажайларында «Таза қала» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Акция барысында Сырдария өзені жағалауында орналасқан ПМК-29 саяжай манындағы суға шомылу орындарында демалушыларға жаднамалар таратылып, қоршаған ортаны қорғау мақсатында демалушыларға қоқыс қалдырмауға азық-түлік, пластикалық қалдықтарды бей-берекет тастамауды және тиісінше сұрыптап жинау қажеттілігі түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті насихаттау шаралары жүргізілді.
Сонымен қатар министрлікпен иесіз бей-берекет қалдықтар тастауға қатысты арыз-шағымдар қабылдау мақсатында жедел желі құрылды. Аталған желіге ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 6 арыз-шағым тіркеліп, департаментпен тиісті жергілікті атқарушы органдарға аталған арыз-шағымдар бойынша мән-жайларды анықтап, бей-берекет орналасқан қалдықтар орындарын тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жөніндегі хаттар жолданды.
Бүгінгі күні департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен, тіркелген 6 арыз-шағым бойынша 5 орында бей-берекет тасталған қалдықтар орындары жойылып, тазарту жұмыстары жүргізілді.Алдағы уақытта бұл бағытта атқарылатын шаралар өз жалғасын табатын болады.
Еске сала кетсек, министрліктің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. «Whats app» әлеуметтік желісіндегі осы нөмір арқылы Қазақстанның кез-келген тұрғыны өз аймағындағы бей-берекет қалдықтар орындары туралы ақпараттарды, оны растайтын фотосурет пен бейнетүсірілімді жібере алады.