Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғынына танысы жолдасын жұмысқа тұрғызып,  қала аумағынан жер алып беруге уәде еткен. Ол үшін жалпы сомасы 750 мың теңге ақшасын алдап алған. Алаяқ осы уақытқа дейін уәдесін орындамай, ақшаны да қайтармаған.

 Қызылордалық полицейлердің жедел іздестіру шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол қала орталығының тұрғыны екені белгілі болды.

 Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: