Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Талсуат ауылдық округінің әкімі Болатбек Нұрлыбаев мәлімдеді.

Биыл Талсуат ауылдық округінде орналасқан №178 білім ордасының 90 жылдығына орай «Дария жағасындағы ауыл» атты кітап жарық көрді. Кітапта мектептің тарихы, мектептен түлеп ұшқан шәкірттер туралы мол мәлімет қамтылған.

Брифинг барысында ауыл әкімі ауылдағы бірқатар атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ауылдағы мемлекеттік «Заңғар» балабақшасында көркейту-көгалдандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, көктемде үнемделген қаражат есебінен әртүрлі іс-шаралар өткізетін жаздық шатыр мен су бұрқағының (фонтан) құрылысы жүргізілген.

«Елді мекенде № 5 қалалық емханаға қарасты Талсуат ауылдық дәрігерлік амбулаториясы халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияның медициналық қызмет көрсету аймағына Талсуат, Геолог, 10-11 бекет және «Дружба», «Строитель», «Ягодка», «Пищевик» саяжайлары қамтылған. Бүгінгі күні, ауылдық округте өсімдік шаруашылығы 1, мал шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалығы, 1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 20 мал шаруашылығы тіркеліп, осы мерзімге ауыл бойынша 9 тонна ет, 7 тонна сүт өнімдерін өндірді. Ауылда жыл басынан жаңадан 20 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 14 жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша тіркелген кәсіпкерлік нысандары 94 %  құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,3 %- ға өсім алған», – дейді ауыл әкімі.

2016 жылдан бастап Талсуат ауылдық округінде 500-ге жуық тұрғын үй және облыстық деңгейдегі маңызды 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылған.

Тағы да оқыңыз: