Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 14 жастағы жасөспірім каналға суға батып кетті.

Оқыс оқиға 26 мамырда сағат 17-07 шамасында орын алған. Тасбөгет кентінің тұрғыны 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім арнайы белгіленбеген орында суға түскен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, оқиға орнына департаментке қарасты мекемелерден 40-қа жуық мамандар қажетті техникалармен келген. Сонымен қатар оқиға орнына полиция қызметкерлері де жетті. Жасөспірімнің денесі жағаға шығарылды.

Тағы да оқыңыз: