Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесінде Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 15 желтоқсан күні «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасы сахналанады.

«Тарихи қойылымда Абылай ханның жоңғар тұтқынына түскен кезінен басталады. Сондай-ақ, 1720-1770 жылдар аралығында ел билеген хандар мен жаужүрек батырлардың ерлігі баяндалып, қазақ халқының басына түскен қиындықтары көрсетіледі. Драмада Абылай ханның көшбасшылық қасиеті, елін, жерін сақтап қалудағы саясаткерлігі, ақыл-парасаттылығы, ержүрек батырлығы жан-жақты қырынан ашып көрсетіледі. Спектакльде ойнайтын актерлардың дайындығы жоғары деңгейді. Бұл қойымды бұған дейін де бірнеше мәрте сахналағанбыз. Көрерменнің ықыласы ерекше болды», – дейді Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісінің міндетін атқарушы Ақтөре Оразалы.

«Кез келген қойылымның басты кейіпкерін сомдау үлкен жауапкершілік жүктейді. Иығыңда екі есе жүк тұрады. Ал Абылайдай ханның ролін ойнау екінің біріне бұйырмайтын бақ. Берілген мүмкіндікті әрдайым дұрыс пайдаланып келеміз. Көрерменннің ықыласы тіпті шабыттандырады. Шығармашылық топ өте жоғары деңгейде өнер көрсетуге бар күштерін салады. Баршаңызды қойылымды тамашалауға шақырамын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын», – деді актер, мәдениет саласының үздігі Сырым Әбдіразақов.

Тағы да оқыңыз: