Kyzylorda-news.kz. Жол қауіпсіздігін сақтау  және жедел жағдайды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың  және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында  8-12 қазан аралығында Қызылорда қаласы аумағында «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өткізілді.

 Жедел профилактикалық шара нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 12 дерегі анықталды.

 «Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері халықтың тыныштығы мен олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күнделікті рейдттік іс шаралар ұйымдастыруда. Олардың ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолда жүру ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар көпқабатты үйлер мен жеке үй аулаларында  жаяу бағыттағы және патрульдеу бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Сіздерді құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тәртіпке бағынып, заң талаптарын қатаң сақтау ескертіледі», – дейді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы,  полиция полковнигі Ермек Искаков.

Тағы да оқыңыз: