Kyzylorda-news.kz. Қазан айының 12 мен 11 қараша аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзған барлығы – 169 дерек тіркелді. Оның ішінде, 3 қылмыстық және 166 әкімшілік құқық бұзушылық.

“Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 76 дерегі анықталды, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері)- 25 дерегі тіркелді, кесуге тиым салынған сексеуіл ағаштарын кескені үшін 3 азаматқа қатысты (ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 1-бөлігімен) әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды”, делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Тағы да оқыңыз: