Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

01.10.2020, 9:20

137 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында биылғы жылдың 8 ай қорытындысын, ал Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасының орындалу барысы және арнайы тәртіптегі мемлекеттік сатып алулар туралы баяндады.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мүдделі мемлекеттік орган басшыларына Мемлекет Басшысының Жолдауынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта туындайтын барлық қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, тұрмыстық жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етілуін, талдау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттарын нақты айқындады.

Аймақ басшысы мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігін ерекше атап өтті.

0

Пікір қалдыру