Қызылордада суық су бағасы арзан – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада суық су бағасы арзан

05.06.2020, 16:20

210 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда су тарифі жоғары қалалар аталды.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы 4 айда қазақстандықтар 892 миллион текше метр суды пайдаланған.

Қазақстандағы сәуір айындағы қорытынды бойынша ыстық судың орташа бағасы текші метріне 229,89 теңге болса, суық судың орташа бағасы текше метріне 67,46 теңге болған. Ал канализациялық қызмет түрлерінің шаршы метрі 46,17 теңгеге жеткен.

Сарапшылардың мәліметінше, ыстық су ең қымбат өңірлердің тізіміне Қарағанды мен Талдықорған тұр. Ал суық су ең қымбат қалалардың тізіміне Ақтау кірді. Қызылорда мен Павлодарда суық су бағасы ең төмен екен.

0

Пікір қалдыру