Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен 9 сынып оқушысының денесі табылды.
19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.
Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов басшылығымен іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды.