Kyzylorda-news.kz. Елімізде шомылу маусымы әлі басталған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған қарамастан, суға түсетіндер кездесіп жатыр. Айталық, Қызылордада құтқарушылар бір жігітті аман алып қалды. Ол достарымен бірге Сырдарияға шомылуға келген екен. Кенет аяғы тартылып қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде көмекке келіп үлгерді. Аймақта жыл басынан бері 5 адам суға кеткен.

«Рейдтік іс-шаралар күнделікті сағат 11.00-мен 17.00 аралығында өтуде. Тұрғындардың суға шомылуға үйреншікті жерлері көп. Сол жерлердің 64 учаскесі қауіпті саналады. Сол 64 учаскеде 110 ескерту тақтайшалары орнатылған. Осындай қауіпті учаскелерді Сырдария өзенінің бойында, басқа су айдындарында анықтау жұмыстарын жүргізудеміз және сол қауіпті учаскелерге ескерту тақтайшаларын орнату жұмыстары жалғасуда», – дейді облыстық ТЖД бастығы Омар Бержанов.

Тағы да оқыңыз: