Kyzylorda-news.kz. Түркістан мен Қызылорда облыстарының фермелерін сумен қамтамасыз етуде проблема туындауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сырдария өзені басссейні ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Алдын ала есептеулерге сәйкес, вегетацияаралық кезеңде Шардара су қоймасына судың келіп құйылуы барынша төмен болатындығы күтіледі. Оны толтыру барысында үлкен қиындыққа тап болып отырмыз. Сондықтан, өзеннің төменгі ағысынан су жіберуді шектедік. Вегетацияаралық кезеңде Сырдарияның төменгі жағы 2 млрд текше метр су ала алмады», – деді ол министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше, Шардара су қоймасы Көксарай су реттегішінен өткен жылға қарағанда 770 текше метр суды кем алды.

«Ағып келетін су көлемінің төмен болжануына байланысты су қоймасын толтыру қиындық туындатады. Соның салдарынан Түркістан мен Қызылорда облыстарының фермелерін суармалы сумен қамтамасыз етуде проблемалар туындауы, сонымен қатар Арал маңының экологиялық ахуалы күрделенуі ықтимал», – деді Серік Қожаниязов.

Тағы да оқыңыз: