Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бас бостандығынан айрылғандар медициналық маска тігуде. Қазіргі таңда олар 30 мың дана бетпердеге тапсырыс қабылдады.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы «Тігін цехында» тігін тігумен айналысатын сотталғандар қолдан бетперде тігуді қолға алды. Бүгінгі күнге барлығы 7450 дана бетперде тігілді. Тігіліп жатқан бетперделер ҚАЖ мекемелерінің қажеттілігін, яғни сотталғандар мен қызметкерлер толықтай қамтамасыз етті.
«Бас бостандығынан айырылғандар Қызылорда облысы Полиция департаментіне 5000 дана бетперде беріліп, барлығы 30 мың данаға тапсырыстар қабылданды. Алдағы уақытта басқа да мекемелерге тапсырыстар қабылдануы көзделуде», – делінген хабарламада.