Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінде «Үш би» Құрмет және «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгілерінің иегері, сот жүйесінің ардагері Ғалия Шыңғысованың 70 жасқа толуына орай «Саналы ғұмырын сот әділдігіне арнаған»  тақырыбында  кездесу болып өтті.

Шараны Қызылорда облысының мемлекеттік архиві мекемесінің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесі ардагерінің өмір жолын кейінгі ұрпаққа өнеге ете отырып, еңбекке,  адамгершілік пен азаматтыққа  тәрбиелеу. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласы аясындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» бағдарламалары бойынша өзінің еңбегімен, білімімен өмір жолын өнеге еткен тұлғаларымызды қоғамға таныту, жастарға үлгі тұту, ұлттық қорымыздағы құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Шара барысында колледж оқытушылары мен студенттер Ғалия Шакетқызының жеке тектік құжаттарынан  дайындалған  көрмемен танысты.

Кездесуде Ғалия Шакетқызы өз өмір жолындағы судьялық қызметтің қыр- сырларын баяндап, еңбек жолынан сыр шертті. Сонымен қатар «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының басшысы Гүлшат Ахметова жеке тектік қор иесін мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледж  директорының орынбасары  Жанар Дуйсенова өз лебізін білдіріп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

«Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша білім алушылар ардагерге сұрақтар қойып, өз мамандықтарының басым бағыттарына бағдар алды.

Тағы да оқыңыз: