Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен заңсыз сақтауда тұрған сыймдылығы 5 литрлік пластикалық құтыда жалпы көлемі 100 литр құрайтын шығару жолы анықталмаған спирттік  өнімдер айналымнан алынды.

Бүгінгі күнге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Кірістер басқармасы облыс тұрғындарын белгісіз өнімді тұтынудан сақ болуға шақырды. Анықталған жағдайда департаменттің /7242/ 23-79-88 сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

Тағы да оқыңыз: