Қызылордада шетелдік немесе азаматтығы жоқ 552 адам жауапқа тартылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада шетелдік немесе азаматтығы жоқ 552 адам жауапқа тартылды

02.08.2021, 17:40

403 0

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері облыс аумағына түрлі мақсатта 2138 шетел азаматы келіп, уақытша тіркеуге алынды. Оның 1540-ы ТМД елінен, 107-і алыс шетелден келгендер. Ал, 9786 азаматқа рұқсат рәсімделді. Олардан жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 162 млн 429 мың теңге түсті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Хамитбеков мәлімдеді.

Шетелдік азаматтар бір жылға дейін жұмыс жасауларына рұқсат. Тіркелгендердің 80 пайызы Өзбекстан Республикасынан.

Айта кету керек, шетелдік немесе азаматтығы жоқ 552 адам заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жергілікті жердің 299 азаматы да айыппұл төледі. Сондай-ақ, әкімшілік жолмен республика аумағынан 53 шетелдік шығарылған.

0

Пікір қалдыру