Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр күтіледі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталығында – қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің тек солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста жел, шаңды дауыл күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен бірге 15-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Тағы да оқыңыз: