Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет жексенбі, 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

16 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болатындықтан, күн райы ашық. Тек еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы аздаған жаңбыр жауады. Кей жерлерде, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-батысында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Тағы да оқыңыз: