Kyzylorda-news.kz. Биыл облыс бойынша 58 699 гектар жерге саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде Жаңақорған – 12 861 га, Шиелі – 12 266 га, Сырдария – 6 000 га, Жалағаш – 6 000 га, Қармақшы – 3 000 га, Қазалы – 1 872 га, Арал – 3 700 га, Қызылорда – 13 000 га.

Бүгінде ҚР АШМ АӨК МИК-нің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің болжамды мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап саяқ шегіртке зиянкесі жаппай шығуы мүмкін екендігі хабарланды.

Осыған орай, аймақта 5 маусымнан бастап саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге 9 дана жер үсті вентиляторлық бүріккіштер және 3 дана ауе кемелері облыс аумағына толығымен жеткізілді.

Еске сала кетейік, аудан, қала әкімдіктері тарапынан химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде балара мен мал шаруашылығына зиян келтірмеу шаралары назарға алынады. Балара және мал шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлағаларға алдын ала ескертулер жіберіледі.

Тағы да оқыңыз: