Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері тіркелген жалпы қылмыстық құқықбұзушылық 36 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындарда – 40,1%, көшелерде – 30,7%, топпен – 36%, мас күйінде – 17,5%, кәмелетке жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар 35,8 пайызға азайды. Ал карантин талаптарын бұзудың 679 дерегі тіркелді. Бүгінде 24 мобильді мониторинг топ жұмыс жасауда.

“Карантин талаптарын бұзудың 334 дерегін мониторингтік мобильді топтармен бірлесіп анықталды. Ал өзіміздің күшімізбен 225 дерек тіркедік. Жинақталған құжаттар тиісті органдарға жолданды. Қазіргі таңда, карантин талаптарын бұзып той жасаудың 145 дерегі тіркелді. Соңғы демалыс күндері 97 заң бұзушылық анықталды, оның 81-і той өткізу”, – деді ОПД бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл шараның мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халықтың сенімін арттыру болып табылады.

Бұған қоса, облыста 12 қазаннан бастап 11 қараша аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өткізілуде. Жеті күннің нәтижесімен табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 59 дерегі тіркелді. Оның 1-уі қылмыстық, 58-і әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Тағы да оқыңыз: