Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда облысында 803 нысан 24 мониторингтік топтың рейдтік тексерісінен өткен.

Нәтижесінде 29 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында 20, үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар 7 талап бұзушылық тіркелген.

Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі қоғамдық тамақтану орындарына қатысты дейді мамандар. Атап айтқанда, 9 кәсіпкерлік субъектісі уақыт шектеулеріне қарамастан жұмысын жалғастырған, 3 нысанның персоналы жеке қорғаныш құралдарынсыз (маска) халыққа қызмет көрсеткен. Сонымен қатар шамадан тыс адам жинап, іс-шара өткізу бойынша 8 факт анықталып, шара көрілген.

Тіркелген 29 карантин талаптарын бұзушылық бойынша жалпы сомасы 2 435 695 теңге көқлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Тағы да оқыңыз: