Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталады.
Шара барысында желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтар бақылауға алынады.
15 – 17 қаңтар аралығында өтетін іс-шара аясында көлік жолдарында рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда.