Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды

12.02.2021, 12:00

365 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырып, қайырымды іс жасады.

Департаменттің 10 қызметкері донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесіп, өмірлерін құтқаруды мақсат етіп Қызылорда облыстық қан тапсыру орталығына келді.

Игі іске қатысушылар ең алдымен медициналық тексеруден өтті.

«Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаса керек. Осы іс-әрекетіміз біреудің анасының, әкесінің, баласы немесе ағасының өмірін құтқарып қалатынына сенімдіміз. Барлық азаматтарды осындай қайырымды іс жасап, көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз», – деді департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов.

Айта кетерлік жайт, мұндай акция ҚАЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған және жүйелі түрде өткізіліп отырады.

0

Пікір қалдыру