Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес мүшелері азаматтарымыздың қауіпсіз қызмет алуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Бақылау барысында халыққа қызмет көрсету орталықтары алдында турникеттер қойылып, арнайы белгілер жасалғаны, қызметкерлер қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілгені анықталды. Десек те, кейбір мәселелерге орай ескертпелер мен ұсыныстар берілді.

Атап айтар болсақ,

–  белгіленген орындарда өз кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасындағы қауіпсіз арақашықтың сақталуын бақылауға алу;

– орталықтың фойесінде бетперделік режим толық сақталуын қамтамасыз ету;

-тұрғындардан құжат қабылдап отырған мамандарды антисептикалық құралдармен және қолғаптармен қамтамасыз ету.

Мониторинг жұмыстары барысында кезекте тұрған тұрғындар өз-өзіне қызмет көрсету секторларын қаланың бірқатар жерлерінде қосымша орнату және орталық жұмыс істеу уақытын ұзарту жөнінде ұсыныстарын берді.

Комиссия тарапынан барлық мәселелер назарға алынып, орталық басшысына ескертулер жасалды.

Сонымен қатар, қызмет алушы тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау және көп шоғырлануды болдырмау мақсатында қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтер тек алдын ала брондау бойынша көрсетілетіні туралы түсіндірілді

Атап өту керек «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық көліктерге, банктер мен «ҚазПошта» АҚ-ның ғимараттарындағы сантиралық, қауіпсіздік  жұмыстарына мониторинг жүргізіп анықталған кемшіліктерді түзетуге қатысты ұсыныстар берді.

Тағы да оқыңыз: