Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қызылорда қалалық полиция басқармасы мүдделі органдармен бірлесіп 2020 жылдың 11-15 наурыз аралығында «Қауіпсіз мектеп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, олардың жыныстық тиіспеушілігіне қолсұғушылық, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту.

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталмақ.

Тағы да оқыңыз: