Қызылордада қараусыз жүрген малдар қамалды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада қараусыз жүрген малдар қамалды

08.12.2021, 11:20

346 0

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан Қызылорда қаласының аумағында үй жануарларының бей-берекет жүру дерегі кеңінен таралуда. Бей-берекет жайылып жүрген мал иелеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстары учаскелік полицейлермен ұдайы жүргізіліп, оларға ескерту жасалған болатын.

Биылғы жылдың 1 қазаннан 7 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикалық ӘҚБтК 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, үй жануарларын аулау және жою қағидаларын бұзу) 87 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл бойынша ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өткіміз келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша жергілікті атқарушы органдармен арнайы топ жасақталды. Атқарылған жұмыстар бойынша қала әкімдігі бей-берекет жайылып жүрген үй жануарларына 2 қамайтын орын бекітіп, полицейлер өз кезегінде бей-берекет қамаусыз жүрген үй-жануарларын қамауда. Бұл жұмыстар департамент, басқарма бастықтарының қатаң бақылауында.

0

Пікір қалдыру