Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының  аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын-алу және қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға бейім, қадағалаусыз және қараусыз қалған, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау мақсатында жергілікті іс-шара өткізілді.   

Жергілікті уақытпен сағат 20:00-ден сағат 01:30-ге дейін жұмыс атқару барысында, ҚПБ ЖПҚб ювеналды полиция бөлімшесінің 31 қызметкері жұмылдырылды.

Барлығы 20 жасөспірім жеткізіліп, оның 16-на әкімшілік хаттама рәсімделді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 1 кәмелетке толмаған орналастырылды.

ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлігіне (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) сәйкес– 16 жасөспірім анықталып олардың заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілді.

ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) – 1;

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12-14 мамыр аралығында өтіп жатқан «Абайлаңыз–балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қалалық демалыс паркі ішінде орналасқан ойын алаңдарының иелерімен және жасөспірімдердің ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: