Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьер құрықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьер құрықталды

15.09.2020, 16:40

177 0

    Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлері толықтай жойылу қаупіне ұшырады. Солардың бірі қарақұйрық аңы.

 «Охотзоопром» ӨҚ-нің және полиция қызметкерлерінің бірлескен іс-шаралары барысында  Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылы тұсында тоқтап тұрған Нива маркалы автокөлігінен атылған қарақұйрық және екі қоян алынды. Сонымен қоса автокөліктен еш құжатсыз тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы, 10 дана оқ заттай дәлелдеме ретінде алынды. Автокөлік айыппұл алаңына қойылды. Күдікті  тұлға Жаңақоған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазіргі таңда, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен(жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Одан бөлек, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482 бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік шара қолдану үшін құжаттар жинақталуда.

0

Пікір қалдыру