Kyzylorda-news.kz. Оның 400-і кәсіпкерлік, қалғаны ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы тиіс болған.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде 17 мың гектарды құрайтын 84 жер телімі мемлекетке қайтарылып, 638 жер учаскесі игеріле бастады. Сондай-ақ облыс прокурорлары игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару, салық төлеу, жер пайдаланушыға табыстау сияқты шаралар барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгендігін де анықтаған.

«Аталған мәселелер Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы жиналыста қаралып, жер саласындағы жүйелі заңсыздықтарды болдырмаудың іс-шаралар жоспары бекітілді. Тексерістің нәтижесімен 20 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауаптылықтары қаралды. Берілген нұсқамалардың орындалуы 2020 жылы қайта тексеріледі», – дейді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Қырмызы Сыздықова.

Тағы да оқыңыз: