Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы, полковник Ермек Искаков бастаған 100-ден астам полиция қызметкері қызылордалықтардың өмірі мен денсаулығын құтқаруға өз үлесін қосқан ерікті донор болды.
Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы. Бұл іс-шараны дәстүрге айналдырып жыл сайын өткізу жоспарда бар. Полицияда көптеген тұрақты донорлар бар, олар мұқтаж науқастарға үнемі қан тапсыру міндеті деп санайды. 7 жыл бойы қан тапсыратын тұрақты донорлардың бірі жергілікті полиция бөлімінің аға инспекторы, капитан Даулетов Азат болып табылады.
«Мен,7 жылдан бері донор болып, қан тапсырып келемін. Бір тамшы қан бір адамға өмір сыйлайды. Ендеше қайырымдылық акциясына барша қызылордалықтарды қатысуға шақырамын!» – деді ол.
«Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі. Өз елінің адал азаматтары ретінде, полиция қызметкерлері ауруханалық төсекте қайғыға душар болған адамдарға тек қана денсаулық тілейді. Полиция қызметкерлері арасында ерікті донорлар саны жыл сайын артып келеді», – деді Ермек Бердалыұлы.
Акцияға қатысып, «Қан тапсырған – біреудің өмірін құтқарады» – деген ойға келген полицейлер жұмыс орындарына қоғамдық тәртіп пен қаланың жол қауіпсіздігін сақтауға аттанды.
