Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына әкелінген «Pfizer» вакцинасының 11700 дозасының 10840 дозасы салынды. Оның 2330-ын жүкті және босанған әйелдер алса, қалғаны балаларға салынды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова хабарлады.

Қазіргі таңда, вакцинаның екінші туры 524 балаға салынды. Бүгінде түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Ал, ревакцинациядан 1289 адам өтті. Сондай-ақ, вакцинаның толық екі курсын алған 11 әйел аман-есен дүниеге сәбилерін әкелді. Балалардың дені сау, бүгінде отбасымен қауышқан.

Тағы да оқыңыз: