Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қызылорда қаласы Жезқазған автожолы бойындағы 600 орындық мектеп құрылысымен танысты.

Бүгінгі күнге 1-3 блоктары монтаждалып, төбе жабындылары салынып, қыш қалау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару ұсынылды.
Мектеп құрылысының аяқталу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айы.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан келесі нысаны, Қызылорда қаласы Е. Әуелбеков көшесінде орналасқан филармония ғимаратына қосымша құрылысымен танысып, мерзімінен қалып жұмыс жасауына байланысты өз ұсыныстарын білдірген болатын.

Облыстық Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тиісті салалық мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп аталған нысан құрылысына қайта зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі күні жер жұмыстары, іргетасын қалау, электр бағаналарын көшіру жұмыстары толықтай біткен. Су жүйесіне қосу, қыш қалау, абаттандыру жұмыстары 60-80 пайызға жасалған.

Құрылыс нысаны 2020 жылдың 20 желтоқсанына пайдалануға беру жоспарлануда.

Мердігер жұмысшылар тапшылығын алға тартып, қосымша жұмысшылардың аса қажеттілігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: