Kyzylorda-news.kz  Аэроғарыш саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай кәсіпорын басшысы 600 мың теңге көлемінде пара алған.

Бұл туралы Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

«Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Байқоңыр» ғарыш айлағы алаңының аумағынан қараметалды кедергісіз әкеткені үшін жалпы сомасы 600 мың теңге пара алу фактісі бойынша аэроғарыш саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде», – делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген.

Тағы да оқыңыз: