Kyzylorda-news.kz. 21 маусымнан бастап Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын жүргізуде.

Акцияның басты мақсаты халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан іс-шаралармен таныстыру.

Осыған байланысты қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ қызметкерлерін, учаскелік инспекторларды, ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлерін тарта отырып, бірлескен рейдтер ұйымдастырылады.

22 маусымда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласы Полиция басқармасында сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін «Ашық есік күнін» өткізетінін хабарлаймыз. Акция ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз: