Kyzylorda-news.kz. 7-28 қыркүйек аралығында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты онлайн эссе байқауы өтті.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде онлайн түрде @qogam.kzo парақшасында жүргізілді. Байқаудың мақсаты бала тәрбиесіндегі алғашқы орта отбасы құндылықтарын насихаттау.
Келіп түскен эсселер арасынан жеңімпаздар анықталды 1 орын – Бексұлтан Бағдатұлы , 2 орын – Назым Нұрғалиева , 3 орын – Айкүміс Әбен жеңімпаз атанып, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының арнайы диплом, алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Марапаттауға Ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов қатысты.
