Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жастар саясаты саласына өзгерістер мен жаңа жұмыс бағыттары қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, түрлі сала өкілдерінен құралған қоғамдық кеңес өз жұмысын бастады.

Кеңес құрамына облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, ерекше жандар өкілдері, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, ауыл жастарының өкілдері, ЖОО-ның проректорлары, жастар ұйымдарының мүшелері, қоғам белсенділері, кәсіподақ пен партия өкілдері және т.б. түрлі сала өкілдері енгізілген.

Кеңестің шешімімен кеңес төрағасы болып облыстық мәслихат депутаты, облыс әкімінің жастар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, “Сыр үміті” жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Абзалұлы Ералиев сайланды.

Тағы да оқыңыз: