Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қазіргі пандемия уақытында ақ халатты абзал жандарды қолдау мақсатында “Мың алғыс” акциясы жалғасын табуда.

Осы акция аясында облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бағдаулет Еркінбекұлы Мақашовтың қолдауымен облыс орталығында орналасқан облыстық медицина орталығы, қалалық аурухана, жедел жәрдем, облыстық туберкулезге қарсы диспансері жалпы 1700 қызметкерлері мен емделушілеріне арнайы ас берілді. Яғни, 4 ірі қара еті, 150 литр шұбат пен 150 литр қымыз және дәруменге толы жеміс-жидектер адам жанына араша түсіп жүрген дәрігерлер мен олардағы емделушілерге түскі асқа таратылды.

Ізгі шараның негізгі мақсаты қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін насихаттау мен ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету, олардың жұмысын бағалау.

Тағы да оқыңыз: