Қызылордада «Мың алғыс» акциясы өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «Мың алғыс» акциясы өтті

01.08.2020, 10:00

768 4

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Сыр волонтерлері» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мың алғыс» акциясына облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған волонтерлар фронт-офисі, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғамдық ұйымдар белсене атсалысты.

Акция індетке шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

Аталған акция барысында 60 отбасыға азық-түлік жиынтығы, мерекелік себеттер, «Абай-Дәулет» ЖШС атынан 200 қалта күріш, «Ажар СИТИ» сауда үйі 20 коробка азық-түлік жиынтығы және этномәдени бірлестіктің өкілдері тарапынан ет таратылды. Азық-түлікті автоволонтерлер қажетті мекен-жайларға өз көліктерімен жеткізді.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріне елеулі еңбектері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы атынан алғыс хат табысталды.

4

  • Саламатсыздарма мен коп балалы анамын Кумис алка иегери Менде28 кун пневмания болып ауырдым кудайга шукир казирги жагыдайым жаксы жолдасым карантинге байланысты жумыссыз жумыстарын токтаткан алдында 42500 алган болатын осы айда алмады меним пасовиям жетпей жатыр ком кслугамызда бар алатыным 70 мын тенге осындай кезде кол ушын берип комектессе екен деймин Мен бундай комектерди бурын сонды алган емеспин Енди ала аламынба калай болар екен айта аласыздарма

  • Саламатпа,айттарыңыз қабыл болсын.мен мұндай шаралар бізге қарай жетпейді.Мен мысалға1топтағы шектеулімін ол бір,екіншіжалғызбасты әкемін.Қайдам үкімет қатырып жатырмыз біз біргеміз,мен бірде біреуін көмек қ ылып жатыр бірақ аллаға шүкір.біздің кінәмыз шет ацмақта шығар білмедім.

Пікір қалдыру