Kyzylorda-news.kz. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар енді aleumet.egov.kz сайты арқылы оңалту құралдарын өздері таңдай алады. Бірыңғай цифрлық алаң мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылдан бастап елде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілген. Осы кезге дейін мүгедектер жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық көмекші құралдардың 24 түріпортал арқылы қамтылып келді. Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде санаторий-курорттық емделу қызметі, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі, ымдау тілі маманының қызметін мүгедектігі бар адам портал арқылы алу жоспарланды.

Ал, келесі жылдан бастап техникалық көмекші құралдардың және әлеуметтік оңалту қызметтерін ұсыну толығымен портал арқылы жүргізілетін болады.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бағытталған қаржы көлемі 2,5 есеге артқан. Нәтижесінде, өткен жылдың қорытындысымен жеке оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша республикада бұл көрсетікіш 69,5% болса, облыста 84,3% құраған.

Төтенше жағдай кезіндеде 60 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 5567 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.

Еске салайық, бүгінгі күні Қызылорда облысында 30647 мүгедектігі бар адам тіркелген.

Тағы да оқыңыз: