Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түскен облыс тұрғындарының әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейне бақылау камералары арқылы 1 наурыз күні түнгі уақыт 02:30 шамасында орын алған ұрлықтың ізі суымай ашылды.

Белгісіз тұрғындар қала аумағында орналасқан мешіттердің бірінде аулада тұрған садақа жәшігін бұзып, ішіндегі ақшаларын ұрлап кеткен.

Бейне бақылау камераның көмегімен екі облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Тағы да оқыңыз: