Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп аумағындағы жол белгілері қайта қалыпқа келтірілді.

Жаңа оқу жылының қарсанында Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде, жас өспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, анықталған кемшіліктер бойынша жолданған нұсқама негізінде, қала аумағында орналасқан 54 мектептің аумағында 38 дана жол белгілері қайта қалпына келтіріліп, 450 шаршы метр жаяу жүргіншілер өтпесінің таңбалары жаңартылып және 4 мектеп алдарында орнатылған көліктердің жылдамдығын мәжбүрлеп азайтуға арналған жасанды тегіс-еместік қондырғылары қайта қалпына келтірілді.

Сонымен қатар мектептер аумағына оқушы-балалардың назарын аудару үшін «мультфильм кейіпкерлерімен» бейнеленген «Жолда абай болыңыздар!» мәтінімен ақпараттық стендтер орнатылып, ата-аналарға балаларыңызда жарық шағылыстыратын элементтердің бар болуын қамтамасыз ету мәтінінде брошюралар таратылды.

Тағы да оқыңыз: