Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде мас күйінде танысының басын таспен ұрып өлтірген 35 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол биылғы жылдың 28 наурызында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде танысын кездестіріп, екеуі темір жол станциясының аумағында спирт ішімдігін ішкен.

«Әбден масайған ол танысынмен керісіп қалады. Сол маңда жатқан қатты жұмыр таспен жәбірленушінің басынан бірнеше мәрте ұрған. Мұның соңы адам өліміне алып келді. Ол оқиға орын алған жерден бой тасалап кеткен.

Аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Дәуірбек Ұзақбаев.

Тағы да оқыңыз: