Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер мал ұрлығымен айналысып жүрген ұрыларды ұстады.

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Киік» рейдтік іс-шарасы барысында 12 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының Шиелі ауданы Байгеқұм ауылының тұсында патрульдiк полиция ротасының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанттары Ғалымжан Көкпарбаев және Жазылбек Изимбетов күдікті «Фольксваген Пассат» автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында автокөліктiң жүк салғышынан еш құжатсыз 1 бас ірі қара малы бары екені анықталды.

Күдікті азаматтардың 2-і Қызылорда қаласының, ал үшіншісі аудан тұрғыны екендігі анықталды. Олардан айғақты зат алынды.

Қазіргі уақытта күдіктілер Жанақорған АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар тексеру барысында күдіктілердің бұдан бөлек мал ұрлығының 10-нан аса дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Олар бұған дейін басқа да аудандарда мал ұрлаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1 бабының 2 бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Тағы да оқыңыз: