Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мәслихат депутаттығына 381 кандидат партиялық тізім бойынша ұсынылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
Партиялық тізімді аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну ағымдағы жылдың 10 қарашасында басталып, 4 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталды. Оған қоса, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу 20 қарашада басталып, 10 желтоқсан күні сағат 18.00-де аяқталады.
“Өңірде мәслихат депутаттығына 381 кандидат партиялық тізім бойынша ұсынылды. Оның ішінде, 156-сы әйел мен жиырма тоғыз жасқа толмаған азамат. Ал, партиялар бойынша 281-і «Nur Otan» партиясы, әйелдер мен жастар-108, «Ауыл» партиясы -30, әйелдер мен жастар-14, «Акжол», барлығы 28, әйелдер мен жастар -11, «Adal», барлығы 33, әйелдер мен жастар – 19, «ҚазХалықПартиясы», барлығы 9, әйелдер мен жастар-4. Сонымен қатар, партиялық тізімге енгізілген адамдар ҚР Конституция мен «ҚР сайлау туралы заңы» талаптарына сәйкестігі тексерілуде. Осыған байланысты, аумақтық сайлау комиссиялары «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan», «Ауыл», «Ақжол», «Қазақстан халықтық партиясы», «Adal» партияларын партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылданады. Бұған қоса, 39 байқаушыны аккредиттеу туралы ұсыныс түсті. Олардың деректері жаңартылып отырылады. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 2021 жылғы 4 қаңтарда сағат 18.00-ге дейін жүзеге асады”, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.