Kyzylorda-news.kz. А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетілді.

Осындай қиын уақытта көмек қолын созу мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бөлімге қарасты «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК, «Қалалық тарихи музейі» КММ, «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ және бөлім қызметкерлерінің өз қаражаттары есебінен 50 (елу) әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созған қайырымдылық шарасы өтті.

Бұл игі бастамаға ақын, режиссер, сценарист, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Оңталап Нұрмаханов арнайы қатысып, сәттілік тіледі.

Жиналған азық-түлікті мәдениет үйі жанынан құрылған «Бірлік» еріктілер тобы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мекен-жайларына жеткізіп берді.

Тағы да оқыңыз: