Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының филолог ғалымдары мен оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, облыстық тілдерді оқыту орталық оқытушыларының қатысуымен жалпыхалықтық талқылау отырысы өтті.

Отырыс барысында орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған әліпби жобалары талқыланды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Сәдуақасұлы, филология ғылымдарының кандидаты Б. Боранбай латын қарпіне қатысты ұтымды ойларын ортаға салды.

Облыста өткізілген талқылау жұмысы барысындағы мамандардың пікірлері, ұсыныстары Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолданатын болады.

Тағы да оқыңыз: