Kyzylorda-news.kz. Қытайдан Қызылордаға қатынайтын тікелей әуе рейісі жоқ. Дегенмен, коронавирустың белгілері байқалған жағдайда экипаж мүшелері мен санитарлық дәрігерлер қалай әрекет етеді?

Қызылордада қауіпті індетті жұқтыру жағдайы анықталған жоқ. Дегенмен, сақтық керек. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес Алматыдан Қызылордаға бет алған ұшақтағы жолаушыдан  коронавирус белгілері байқалған.

Осындай хабар түскен бойда әуежай диспечері барлық емдеу-алдын алу мекемелеріне, жауапты органдарға ақпарат береді. Ұшақ қонған бойда бортқа бірінші консультативтік топ кіріп, науқастың жағдайын бағамдайды. Онымен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтайды. Ал науқасты мынадай капсуламен оқшаулап, дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізу керек. Санитарлық қызмет ұшақта болған барлық жолаушыларды тексереді. «Осындай оқыс жағдайда құтқарушы мамандар жүйелі әрі тиімді әрекет етуі үшін оқу-жаттығудың маңызы өте зор», – дейді эпидемиологтар.

Бұған дейін мамандар Қызылорда облысында Қытай азаматтарының және сол елден келген отандастарымыздың тізімі жасалғанын айтқан болатын. Мамандар Қытайдан келген азаматтарға 2 апта көлемінде медициналық бақылау жасалатынын және күніне 2 мәрте дене қызуы өлшенетінін мәлімдеді. Қандай да бір белгілер анықталған жағдайда коронавирусқа күдікті адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы арнайы бокста оқшауланады.  

«Хабар 24»

Тағы да оқыңыз: