Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда-Құмкөл» тас жолындағы «Мерси КЗ» ЖШС-не тиесілі контейнерлер өртеніп кетті.

Оқиға орнына №5 өрт сөндіру бөлімі жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде контейнер ішінен 3 жұмысшыны алып шыққан.   Өрт салдарынан 50, 24 және 29 жастағы азаматтар жарақаттанған. Олардың жағдайлары ауыр.

«Күйік шалған азаматтар облыстық медициналық орталығының жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Өрт  сағат 12-ден 20 минут кеткенде толық сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі таңда арнайы өрт зерттеу сараптамасы тағайындалды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.  Өртті сөндiруге 7  өрт сөндiрушi 2 арнайы техникамен жұмылдырылды», – делінген ТЖ департаментінің таратқан хабарламасында.  

Тағы да оқыңыз: