Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Энергосервис» ЕЖШС облыс тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында коммуналдық төлем қабылдайтын кассалары еш кедергісіз жұмыс жасайтынын хабарлады.

«Құрметті «Энергосервис» ЕЖШС тұтынушылары, сіздерге барынша қолдау көрсету мақсатында келесі кассалар жұмыс жасайтынын хабарлаймыз: Энергосервис ЕЖШС-нің орталық кеңсесінде (Әуезов көшесі №19) 4 касса Біріңғай Төлем Құжаты (БТҚ) бойынша төлемнің барлық түрін қабылдайды (электр энергиясы, су, жылу, ТБО, КСК қызметі); – Сонымен қатар қала аумағында келесі кассалар қызмет көрсетеді: Запад – Ақмешіт 18, Шұғыла – Мүсірепов 77а, Титов – Жаңақұрылыс 12б, Қызылжарма – Торайғыров 148. Қосымша кассалар ашу жолдары қарастырылуда», – делінген аталған хабарламада.

Аталған мекеме облыс тұрғындары үшін арнайы коммуналдық қызметтер және төлем туралы ақпарат алудың қосымша тәсілдерін енгізді:

Электр энергиясы үшін Онлайн төлем: – негізгі банктердің мобильдік қосымшасы арқылы (Халық банкі, СБЕРБАНК, КАСПИ және т. б.) – жоғарыда көрсетілген банктердің ресми веб-сайттарында – QIWI және Касса24 төлем терминалдары арқылы. Электр энергиясының Жеке шотының жағдайын сіз мына сайттан біле аласыз: energoservice.kz

Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша ақпаратты мына жерден алуға болады: – ресми веб-сайтта epd.kz, Жеке кабинетте (егер сіз тіркелмеген болсаңыз, Сайтта тіркелу рәсімінен өту қажет) – Жеке кабинетте сіз онлайн-банкинг арқылы, SENIM интернет әмиянының көмегімен, сондай-ақ ұялы телефон теңгерімінен төлей аласыз – Telegram мессенджерінде сіз БТҚ электрондық нұсқасын жүктей аласыз – EPD QYZYLORDA парақшасына кіріңіз,сондай-ақ БТҚ төлеу үшін КАСПИ сілтеме бойынша өтіңіз. – КАСПИ банктің мобильді қосымшасында сіз сондай-ақ БТҚ төлей аласыз .

Қосымша ақпарат алу үшін бірыңғай call-орталығына хабарласыңыз: 40-09-79.

Қалалық телефон нөмірінен + 7-771-936-54-01.

Ұялы телефоннан + 7-771-936-54-02.

Авариялық жағдай туындаған жағдайда: 40-07-47 қалалық телефон нөмірінен және + 7-771-040-07-47 ұялы телефон арқылы.

Тағы да оқыңыз: